Елең алды

lat: Eleń aldy

а) Елеңдеді, секем алды, қорықты, үрейленді. Е л е ң а л ы п тұрған айғырдың үйірі тобымен жылқыдан тұра-ақ жөнелді ( С.Бегалин, Бала Шоқан). Егер теке бірдеңеден е л е ң а л д ы ғой, ә, «пых» деп ата жөнеледі (Н.Қазыбеков, Тұсаукесер). -Өмірімде мұндай қатты қорқып көрген адам емеспін. -Бір е л е ң а л ғ а н соң, елеңдей береді ғой (Д.Еркінбеков, Шығ.). ә) Желпінді, желікті. Қырда онда оқу емес, өлең арман, Қымыз бен піскен кезі кебе бағлан. Айтып боп алты ауызын: «қонақ кәде, Айт», - деді қыз-бозбала е л е ң а л ғ а н (Б.Адамбаев, Ақбөбек).